Әбенов Мұрат Абдуламитұлы
4854Қазіргі қызметі: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Әлеуметтік желілерде: https://www.facebook.com/murataben
Туған жылы: 20.10.1965 жыл
Туған жері: Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Төменарық ауылы
Білімі: Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының математика және информатика факультетін "Математика және информатика" пәндерінің мұғалімі мамандығын бітірген (1990).
Қазақ гуманитарлық-заң университетінің құқықтану факультетін заңгер мамандығы бойынша бітірген (2002).
1990 жылдан - С. Сейфуллин атындағы №4 ОМ информатика және есептеу техникасының мұғалімі.
1991 жылдың маусым айынан - Қызылорда қалалық білім басқармасының кадрлар және негізгі іс-әрекет бойынша инспекторы.
1991 жылдың қыркүйек айынан - 1 Мамыр атындағы №1 қазақ мектеп-лицейінің оқу-тәрбиелік іс бойынша директордың орынбасары (Қызылорда қаласы).
1992 жылдан - Қызылорда қалалық әкімшілігінің қоғамдық пікірді болжау және баспасөз бөлімінің бас маманы.
1993 жылдан - «Атамекен» ЖШС-де коммерциялық іс-әрекет бойынша директордың орынбасары (Апматы қаласы).
1999 жылдан - Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-бақылау бөлімінің кеңес берушісі.
2000 жылдан - Қызылорда облысының мемлекеттік қызмет істері бойынша басқарма агенттігінің бастығы.
2002 жылдан - Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің директоры.
2005 жылдан - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.
2007 жылдың ақпан айынан тамыз айына дейін - Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі.
2007 жылдың қыркүйек айынан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінде «Нұр Отан» ХДП фракциясының Азаматтық байланыстар және азаматтық қоғам институттары бойынша кеңесінің мүшесі. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы. «Қазақтелеков» АҚ Құрмет грамотасымен марапатталған (2004). Жылдың үздік қызметкері (2006).
2012 жылдың 12 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым вице-министрі.
2014 жылдан бастап 24.kz телеарнасында «Мұрат Әбеновпен ашық әңгіме» атты авторлық бағдарламасын ашты.
2023 жылы 19 наурыздағы сайлауда ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты болып сайланды.