Перизат Қайрат ісі бойынша апелляциялық сотта оның адвокаты Асланбек Дәулетияров тәркіленген зергерлік бұйымдар мен қымбат заттарды айғақ ретінде есепке алмауды сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Адвокаттың айтуынша, дәлелдерді жинау барысында бірқатар заңбұзушылық орын алған.
Перизат Қайраттың пәтерінен алынған зергерлік бұйымдар мен қымбат заттардың түпнұсқа не қолдан жасалғаны анықталған жоқ. Бұл олардың құнын бағалауда маңызды рөл атқарады. Сондықтан мұндай айғақтар олардың қылмыс жасағанын дәлелдей алмайды, – деп атап өтті ол апелляциялық сотта.
Еске салайық, Астанада Перизат Қайрат пен оның анасының ісі сотта қайта қаралып жатыр.
Сондай-ақ сотталушы тараптың адвокаты Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты шығарылған бірінші сатыдағы үкімнің күшін жоюды сұрады.