Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Перизат Қайрат пен анасы 51 адамға 1,5 млрд теңге өтеуге міндеттелді

Олжас АДАЙ
25 Шілде 2025, 16:31
541
Бөлісу:

Сот Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваны 1,5 миллиард теңгеден астам шығынды өтеуге міндеттеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваны 51 жәбірленушіге 1 миллиард 582 миллион 649 мың 591 теңге көлемінде материалдық шығынды бірлесіп өтеуге міндеттеді. Бұл туралы үкімді судья Сабыржан Кәрімов жария етті.

Әрбір жәбірленушіге тиесілі материалдық шығын мөлшері үкімнің толық мәтінінде көрсетілген, – деді ол.

Сот сонымен қатар мемлекет пайдасына баж тәртібімен Қайрат пен Алашбаеваның әрқайсысынан 22 миллион 583 мың 934 теңгеден өндіріп алуды белгіледі.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 172-бабына сәйкес, азаматтық талаптарға қатысты үкім бөлігін ерікті түрде орындау үшін бір ай мерзім берілді. Бұл мерзім өткен соң, талап мәжбүрлеп орындатылмақ.

Айта кетейік, бұған дейін Перизат Қайрат 10 жылға, ал анасы 7 жылға сотталды.

Өзгелердің жаңалығы