Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Перизат Қайрат Палестинаға ақша жіберген бе? – прокурор жаңа дерек айтты

Олжас АДАЙ
22 Шілде 2025, 13:48
1540
Бөлісу:
 Insta: Perizat Kairat
Фото: Insta: Perizat Kairat

Астана сотында Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша тараптардың жарыссөзі өтіп, сотталушының бұған дейін жабық тәртіпте өткен тергеу барысында берген кейбір жауаптары жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айыптауға сәйкес, Перизат Қайрат кінәсін мойындамаған. Ол сотта қаржының Палестина аумағына қолма-қол түрде жеткізілгенін айтып, себебін банктік аударым жасалған жағдайда ол әскери қақтығысты қаржыландыру ретінде бағалануы мүмкін еді деп түсіндірген. Қайрат осы уәжбен шетелге жиі шыққанын түсіндіруге тырысқан.

Алайда, құрметті сот, бұл сапарлар БАӘ-де қымбат сауда жасаумен қатар жүрген, – деді прокурор Арман Кезекен.

Тергеу деректеріне сәйкес, Перизат Қайрат пен оның анасы Палестина халқына гуманитарлық көмек көрсетуге арналған қайырымдылық науқаны аясында жиналған 559 миллион теңгені жымқырды деп айыпталып отыр.

Айыптаушылардың айтуынша, бұл қаражат кейін Rebel Flowers гүл салонын сатып алу арқылы заңдастырылған.

Бұған дейінгі сот отырыстарында зардап шеккендердің қатарында қайырымдылық қорларының өкілдері, кәсіпкерлер, педагогтер мен жұмыссыз азаматтар бар екені белгілі болды. Тергеу мәліметінше, "BizBirgemiz Qazaqstan 2030" қорына азаматтар өз еркімен 30 мыңнан 200 миллион теңгеге дейін қаражат аударған. Олардың ішінде Kaspi Bank тарапынан аударылған 620 миллион теңге де бар.

Астанада өткен бүгінгі сот отырысында прокурор садақадан сән-салтанатқа өткен Перизат Қайраттың әрекетін атап өтті. Сот процесінде мемлекеттік айыптаушы Перизат Қайратқа 10 жыл, анасы Алашбаеваға 8 жыл түрме жазасын сұрады.

Сондай-ақ, айыпталушы Перизат Қайрат Kaspi Bank өкіліне қалай қысым көрсеткені де белгілі болды. 

Перизат Қайрат ісі бойынша сотта тағы бір тың дерек жария етілді. Ол жалған мекенжаймен қор тіркеп, қайырымдылықты бүркеме еткен

Өзгелердің жаңалығы