Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Перизат Қайрат ісі: Тергеу барысында басқа күдіктілер табылған жоқ

4 Қыркүйек 2025, 12:22
429
Бөлісу:
 BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

Қоғамда резонанс тудырған Перизат Қайрат ісі аяқталса да, әлі күнге ҚМА назарында болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.

Айтуынша, әзірге сотталушылар бірінші сатыдан кейін апелляциялық шағым түсірмеген. 

Оған сәйкес апелляциялық шағым түскен соң сіздерге бұл туралы ақпарат беріледі. Әзірге апелляцияға берген жоқ, - деп жауап берді Жеңіс Елемесов Сенаттың кулуарында берген сұхбатында.

Сонымен қатар агенттік басшысының орынбасары атышулы іске қатысты ақпараттарды назарда ұстайтындарын жеткізді. ҚМА өкілі қылмыстық істе қайырымдылық қаражатын жымқырған басқа тұлғалар жоқ деп отыр.

Біз ең алдымен ақшаның түпкілікті кімнің пайдасына жұмыс істегеніне назар аудардық. Яғни қорға түскен қаржы көлемін соңында нақты кім иемденіп кеткенін анықтадық. Бұған дейін біз жылжымайтын мүлік нысандарына қатысты: жеке үй, төрт пәтер және автокөліктер туралы ақпарат бердік. Мұның барлығы дәл осы қаражатқа Перизат пен оның анасы тарапынан алынған. Қылмыстық істі тергеу барысында осы ақшаны иемденуге байланысты басқа фигуранттар анықталған жоқ, - деді Жеңіс Елемесов.

Айта кетейік, бұған дейін Перизат Қайрат 10 жылға, ал анасы 7 жылға сотталды. 

Бас прокуратураның мәліметінше Перизат Қайрат пен анасы 3,5 млрд теңгені заңсыз иемденген. 

Сондай-ақ, Перизат Қайрат пен анасы 51 адамға 1,5 млрд теңге өтеуге міндеттелді. 

Өзгелердің жаңалығы