«Біз Біргеміз Қазақстан 2030» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Перизат Қайрат басқарған ұйымды тарату ұсынылуда. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұйым 2021 жылдың қазан айында тіркелген. 14 ақпанда қорды мәжбүрлі түрде тарату туралы талап арыз сотқа берілді.
2025 жылғы 14 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жоғарыда аталған қоғамдық бірлестіктің мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп танып, мәжбүрлі түрде тарату туралы талап арыз берілді, - деп хабарлады Әділет министрлігі.
Қаржылық мониторинг агенттігі «Біз Біргеміз Қазақстан 2030» ұйымының тіркеуін жою рәсімін бастады. Себебі ұйымды құру барысында заңнама бұзылған. Сондықтан бұл ұйымды сот шешімімен таратуға тура келген.