Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Пентагон АҚШ-қа қатер төндіретін басты елдерді атады

13 Қараша 2019, 16:23
3472
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. АҚШ Қорғаныс министрлігі Қытай мен Ресейді Құрама Штаттар үшін басты қатер төндіретін ел деп мәлімдеді. Америка қорғаныс ведомствасының ойынша, әсіресе ҚХР үлкен қауіп төндіруде. Бұл туралы russian.rt.com хабарлады. 

АҚШ-тың ұлттық қорғаныс стратегиясы ұлы державалардың бәсекелестігіне қайта оралуына негізделіп отыр. Қытай мен Ресей қауіп төндіретін басты елдер. Экономикасы жедел дамып жатқан ҚХР анағұрлым қатерлі болып отыр, - делінген хабарламада. 

Америка әскерилері сондай-ақ Қытай қарулы күштерінің қайта жаңғыртылып, мүмкіндіктерінің артып жатқанына да тоқталған.

6 қараша күні Пентагон басшысы Марк Эспер АҚШ-қа жасанды интеллект саласын кеңейтіп, дамытуды қолға алу қажеттігін айтқан. Оның айтуынша, Қытай мен Ресей әскери салада жаңа технологияларды пайдалунды кеңейте түскен.

Өзгелердің жаңалығы