Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойының ресми ашылуына келген ҚР Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев өнер адамдарымен кездесті.
Мемлекеттік хатшы Қазақ Ұлттық университеті қабырғасында ашылған әл-Фараби ортағымен танысқан соң, еліміздің әдебиет және өнер адамдарымен кездесіп оларға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мемлекеттік шәкіртақысын табыстады.
Жиын барысында ол, биыл әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдығы аясында халықаралық және республикалық деңгейде ауқымды шаралар ұйымдастырылатынын және ол өнер мен әдебиет саласында жүрген адамдардың қатысуымен өтетінін жеткізді.
Сондай-ақ мәдениет саласында тағы бір маңызды оқиға тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау туралы ҚР-ның заңы қабылданғанын атап өткім келеді. Ата-бабалармыз аманат еткен баға жетпес мәдени мұра, тарихи жәдігерлермізді өскелең ұрпаққа жеткізбекпіз. Мемлекетті стипендия көрсеткішінің жас ерекшелігі мынандай: 20-35 аралағындағы жастар 10 адам немесе 13,3%, 35-55 аралығындағы орта буын - 5,3%, 55-75 аралығындағы қайраткерлер - 24%, 75-тен жоғары аға буын өкілдері - 56%,-деді Қ. Көшербаев.
Мемлекеттік шәкіртақы жыл сайын 75 әдебиет пен өнер қайраткерлеріне тағайындалады. Биылғы Елбасы шәкіртақысы Асанәлі Әшімов, Мырзатай Жолдасбеков, Сәбит Досанов, Бибігүл Төлегенова, Ескендір Хасанғалиев және басқа да қазақ әдебиеті мен өнер майталмандарына табысталды.
Сондай-ақ, Канн халықаралық фестивалінің лауреаты Самал Еслямоваға, актирса Айнұр Рахиповаға, балет әртісі Бахтияр Адамжанға, ақын Қанат Омаровқа, дәстүрлі музыка өнерінің орындаушысы Медығат Манаповқа, коно режиссері Фархат Шәріповке және тағы бірнеше жас дарынға мемлекеттік қолдау көрсетілді.