Педиатр: «Дельта» штамның пайда болуы иммунитетті төмендетті

19 Қараша 2021, 17:21
935
Бөлісу:
Педиатр: «Дельта» штамның пайда болуы иммунитетті  төмендетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Алматы қаласының №15 емханасының дәрігері Мөлдір Әкімжан хабарлады. 

Оның айтуынша, уақыт өте келе антиденелердің деңгейі төмендейтіндіктен коронавирусқа қарсы екпені қайталап салдыру маңызды.

Сондай-ақ дәрігер ревакцинация мәселелеріндегі халықаралық тәжірибені алға тартты.

Израиль – халқы екпе салып, эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандырған алғашқы елдердің бірі. Алайда жазда жаңа «дельта» штамының пайда болып, адамдар қайтадан жұқтыра бастады. Содан кейін ғалымдар мен дәрігерлер вакцинаның екінші дозасынан кейін 6 айдан кейін иммунитет анағұрлым жұқпалы «дельта» нұсқасының пайда болуы аясында айтарлықтай төмендегенін анықтады. Нәтижесінде Израиль ревакцинация туралы шешім қабылдады, - деп атап өтті педиатр.

Ол ревакцинация аясында ауқымды зерттеу деректерімен бөлісті.

Зерттеуге 60 жастан асқан 1 миллион 144 мыңнан астам тұрғын қатысты. Олардың барлығы вакцинаның екі компонентін 2021 жылдың 1 наурызына дейін алды. Кейін олардың барлығы қайта вакциналанды. Үшінші екпе КВИ қайта жұқтыру ықтималдығын 11 есеге, ал ауыр ағымды 15 есеге төмендеткені анықталды, - деді Мөлдір Әкімжан.

Дәрігер індетке қарсы вакцинаның екі компонентін де алуға, ал екпені толық алғандарға ревакцинациядан уақытылы өтуге кеңес берді.

Еске сала кетейік, бұған дейін дәрігер балаларды коронавирусқа қарсы вакцинациялау неліктен маңызды екендігін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы