Педагогтердің арыз-шағымдары дер кезінде қаралуы қажет – Аймағамбетов

6 Сәуір 2021, 13:22
9130
Бөлісу:
Педагогтердің арыз-шағымдары дер кезінде қаралуы қажет – Аймағамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында айтты. 

Бүгін жиналыста Педагогикалық әдеп және педагогтің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органның қызметі туралы талқыланды. Министр кеңестердің жұмысын ашық әрі жария түрде жүргізу керектігін айтты. 

Сондай-ақ бұл кеңестердің жұмыстары барлық мұғалімге белгілі болуы керек. Егер жұмысты ашық жүргізетін болсақ, онда институттарға деген сенім көбейеді. Педагогтердің арыз-шағымдары дер кезінде қаралуы қажет. Әрине осы кеңестерді директорларға қарсы бір институт ретінде қарауға болмайды. Ол жалпы педагогикалық әдеп қағидаларын орындайтын және оны сақтайтын құрал ретінде қарау керек, - деп түсіндірді Аймағамбетов отырыста. 

Оның сөзінше, бұл мектептің ішінде болып жатқан шаруаны қарауға мүмкіндігі бар және жалпы педагогтердің әдеп қағидаларын сақтау мәселесі бойынша қарайтын институт. Сондықтан оның әлеуеті өте зор, жан-жақтан қарап, тиісті шешімдер қабылдануы керек. 

Айта кетейік, кеңестің негізгі міндеті - педагогтердің әдепті сақтау мәселелерін, педагогтердің өздеріне қатысты заңнаманы бұзу фактілерін алқалы түрде қарау және тиісті шаралар қабылдау. 

БҒМ-нің мәліметінше, кеңеске бүгінгі күні мұғалімдерден өтініштер түсіп жатыр. 

Атап айтатын болсақ, Ақтөбе облысы, ШҚО, Жамбыл облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының кеңестері бірінші тоқсанда білім беру ұйымдары басшыларының педагогикалық әдепті сақтамау мәселелері бойынша 9 өтінішті қарады.

Өзгелердің жаңалығы