Сонымен қатар, «біліктілік санаты» ұғымы жаңа редакцияда жазылған.
Біліктілік санаты – Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 24 ақпандағы № 31 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған кәсіптік стандарттарды және Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) сәйкес педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейі, - делінген бұйрықта.
Одан бөлек, мемлекеттік қызмет «педагог-модератор», «педагог-сарапшы» біліктілік санаттарына платформа арқылы көрсетіледі.
Ал «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер», «үшінші санаттағы басшы», «екінші санаттағы басшы», «бірінші санаттағы басшы», «үшінші санаттағы басшының орынбасары», «екінші санаттағы басшының орынбасары», «бірінші санаттағы басшының орынбасары» біліктілік санаттарына мемлекеттік қызмет «цифрлық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
Төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:
· өтініш;
· білімі туралы диплом (цифрлық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда);
· қайта даярлау курстарынан өткенін растайтын құжат (болған жағдайда);
· қызметкердің еңбек өтілін растайтын құжат (цифрлық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда);
· білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификат;
· біліктілік санатының берілгенін растайтын куәлік пен бұйрық (біліктілік санаты бар тұлғалар үшін);
· кәсіби жетістіктері мен тәжірибесі жөніндегі құжаттар;
· білім алушылардың жетістіктерін растайтын құжаттар;
· эссе (250–300 сөз).
Ал жеке басын куәландыратын құжат, білімі және еңбек өтілі туралы мәліметтер электрондық үкімет арқылы тиісті мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен алынады.
«Педагог-модератор» және «педагог-сарапшы» біліктілік санаттарына аттестатталушылардың құжаттары Платформада қалыптастырылады.
Қызмет көрсетуші мемлекеттік қызметтер мониторингінің цифрлық жүйесіне қызмет көрсету кезеңдері туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Осы Қағидаларға өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген жағдайда, білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты «цифрлық үкіметтің» операторына, қызмет көрсетушілерге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Педагогтердің білімін бағалаудан өткен аттестатталушылардың цифрлық деректер базасы бес жыл бойы сақталады.
Аттестаттау оқу жылында бір рет өткізіледі. Аттестаттауға өтініштер білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде қабылданады.
Қызмет нәтижелерін кешенді түрде талдап, қорытындылау ағымдағы оқу жылының қаңтар-тамыз айлары аралығында жүргізіледі.
Бұйрық 2026 жылғы 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.