Педагогтерді аттестаттау: Ереже бұзған мұғалімдер қанша жылға тестілеуден шеттетіледі

9 Сәуір 2024, 11:32
925
Бөлісу:
Педагогтерді аттестаттау: Ереже бұзған мұғалімдер қанша жылға тестілеуден шеттетіледі
Фото: Артём Чурсинов -архив

Педагогтерді тестілеуден шеттету мерзімі 5 жылдан 1 жылға дейін қысқартылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитеті басқармасының басшысы Айман Дүйсембаева айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл 2 сәуірде Оқу-ағарту министрінің №72 бұйрығымен педагогтерді аттестаттаудан өткізудің жаңа қағидалары мен шарттары бекітілді.

Бұл қағидаларда тестілеу өткізу кезінде бұзушылықтарға жол берген педагогтерді тестілеуден шеттету мерзімі 5 жылдан 1 жылға дейін қысқартылды. Былтыр тестілеуден шеттетілген педагогтер биыл тестілеуге қатыса алады, - деді Дүйсембаева.

Педагогтің білімін бағалауды өткізу талаптарын бұзу деректері қайта анықталған жағдайда педагог 5 жылға білім беру ұйымының басшы, 3 жылға аттестаттаудан өтуге жіберілмейді.

Тест нәтижесімен келіспеген жағдайда педагогтің тестілеуді өткізу залынан шықпай-ақ әрбір тапсырма бойынша дәлелдеме негіздемесі мен компьютерлік апелляцияға өтініш беруге құқығы бар. Тестілеу өткізу залынан шыққаннан кейін апелляцияға педагогтің өтініш қабылданбайды, - деп түсіндірді Орта білім комитеті басқармасының басшысы.

Апелляцияны өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады.

Комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, білім беру ұйымдарының педагогтері кіреді. Комиссия өкілеттілігінің қолданылу мерзімі – 1 жыл. Комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді. Апелляцияны қарау мерзімі – 15 жұмыс күні.

Өзгелердің жаңалығы