Педагогикалық ЖОО-да қашықтан оқыту модулі енгізіледі
15 Наурыз 2021, 10:36 1081

Педагогикалық ЖОО-да қашықтан оқыту модулі енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Асхат Аймағамбетов айтты.

Бәріміз білетіндей, биылғы оқу жылы қашықтан оқыту форматында жүргізіліп жатыр. Оқу процесін аталған форматта өткізу бойынша мақсатты жұмыс жасалуда. Қашықтан оқыту жағдайында компьютерлік техниканы қажет еткен барлық оқушы мен мұғалім қамтамасыз етілді. Оған Үкіметтің резервінен де, жергілікті бюджеттен де қаражат бөлінді. Нәтижесінде мыңдаған компьютер сатып алынып, балаларға таратылды, - деп атап өтті министр.

Аймағамбетов онлайн жүйені әлі де жетілдіру қажеттігіне тоқталды.

Бүгінгі күні онлайн платформалар әлі де жеткіліксіз екені айтылып жүр. Сондықтан оны дамытудың бірнеше жолын қарастырып жатырмыз, - деді ол.

Сондай-ақ, ол мұғалімдерді курстардан өткізу туралы да айтты.

Тағы бір мәселе – ол мұғалімдерді курстардан өткізу. Барлық педагог қысқа мерзімді курстардан өтті. Мұндай жобалар әрі де жалғасады. Жалпы педагогикалық университеттерде педагогикалық мамандарды дайындағанда осы міндетті пәнді, модульді енгіземіз. Сонымен бірге біліктілікті арттыру курстарына тиісті модуль енгізіледі, - деп түсіндірді Білім басшысы.


Фото: дереккөз
Загрузка...