Пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды 1250 градустағы температурада жояды

15 Сәуір 2020, 07:43
1673
Бөлісу:
Пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды 1250 градустағы температурада жояды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды, антисептик қалдықтарын  1250 градустағы температурада жояды. Оны термикалық жағу аппаратының көмегімен күйдіру арқылы жояды, осылай өңделгеннен кейін тек тазартылған бу ғана қалады.

Карантин басталғаннан бері бүгінге дейін қалдықтардың 30 келіден астамы жойылған. 80-нен астам эко-қораптар елорданың барлық ірі сауда үйлері мен базарларында орнатылған. Нұр-Сұлтан әкімдігінің қолдауымен пайдаланылған маскалар, қолғаптар, майлықтар мен антисептиктерді тастауға арналған қоқыс жәшіктері орнатылды.

Эко-қораптарды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен "Clean city" компаниясы тегін жасаған.
Олар "Смол", "Магнум", "Кеңмарт" сияқты ірі орталықтарда, сондай-ақ қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан "Астаналық", "Шапағат", "Әсем" базарларында орналасқан. Қызмет көрсетуші компаниямен осы экологиялық жәшіктер толған кезде дереу алынып, орнына жаңалары әкелінеді. Қалдықтар арнайы базада термиялық күйдіру әдісімен жойылады. Яғни, бұл толықтай қауіпсіз, – дейді қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бөлім басшысы Алмаз Рысалиев

Өзгелердің жаңалығы