Павлодарлықтар енді фильмдерді Ертіс жағалауында көре алады

28 Мамыр 2023, 15:51
675
Бөлісу:
Павлодарлықтар енді фильмдерді Ертіс жағалауында көре алады

Павлодар қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Нұрғамысованың айтуынша, биыл жағалауда көркем фильмдер ғана емес, жас көрермендерге арналған мультфильмдер де көрсетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жексенбі күні таңертең балаларға арналған мультфильмдер, кешке «Қазақфильм» фильмдері көрсетіледі. Бізге 500-ге жуық түрлі фильм ұсынылды, олардың ішінен көрерменнің көңілінен шыққандарын таңдадық, - деп түсіндірді Айгүл Нұрғамысова

Pavlodarnews.kz хабарлауынша, 28 мамыр сағат 20:00-де аталған алаңда "Тақиялы періште" отандық фильмі көрсетіледі.

Өзгелердің жаңалығы