Павлодарлық спортшылар таэквондодан Еуразия чемпионатында бес алтын алды

3 Қараша 2022, 06:33
1455
Бөлісу:
Павлодарлық спортшылар таэквондодан Еуразия чемпионатында бес алтын алды

Солтүстік Кипрдің Гирне қаласында таэквондодан GTF бойынша 20-шы Еуразия чемпионаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Павлодар облысының жауынгерлік өнер қауымдастығының мәліметінше, аталған додада Қазақстан құрамасы сапында Павлодар облысынан 4 спортшы өнер көрсетті.

Спортшылар жекелей сында жарыстың екі түрі бойынша сынға түсті: Массоги (спарринг) және Хёнги (ресми кешен).

Павлодарлық спортшылар 5 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль олжалады. Қазақстан құрамасы Еуразия чемпионатында жалпыкомандалық есепте 2-орынды иеленді, - деді қауымдастықта.

«Қара белбеу» санатында 12-13 жас аралығында Мансұр Бектемір Массоги жарысында қола медаль еншілесе, 10-11 жас аралығында Жан Шинғазинов Хёнги жарысында күміс, Массоги жарысында алтын медаль иеленді.

Павлодарлық спортшылар таэквондодан Еуразия чемпионатында бес алтын алды

Ал «Түсті белдік» санатында Томирис Тнеева мен Мәдениет Алдияров қос жарыста да алтын медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, бұл чемпионатқа 11 елден (Болгария, Норвегия, Молдова, Украина, Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Иран, Түркия, Эфиопия және Румыния) 500-ге жуық спортшы қатысты.

Өзгелердің жаңалығы