Павлодарлық санитарлық дәрігерлер денсаулыққа зиян келтіретін тауарларды атады

8 Шілде 2022, 15:40
1622
Бөлісу:
Павлодарлық санитарлық дәрігерлер денсаулыққа зиян келтіретін тауарларды атады
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодарлық санитарлық дәрігерлер алты ай ішінде 1600-ден астам азық-түлік түрінен сынама алып, сараптама жүргізді. 

Сынама алынып, тексерілген өнімдердің мыңнан астамы халық тұтынатын тауарларға жатады. Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау шеңберінде 250 сынама сәйкес келмейтін болып шықты, яғни, адам денсаулығына зиян. Жыл басынан бері ет және азық өнімдерінен сынама алынған. Нәтижесінде сүт өнімдерінің құрамында антибиотиктердің бары анықталды. 

Павлодар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Айдар Әлменовтың айтуынша, олқылықтар анықталған кәсіпкерлерге 100-ге жуық ескерту жасалып, оларды жою талап етілген. 

Тексеріс барысында шамамен 90 мың теңге тұратын 93 келі өнім саудаға жіберілмеді. Сонымен қатар, заңбұзушылықтарға жол бергендерге айыппұлдар салынды. Көлемі 137 мың теңгеден асады. Жаз басталысымен өңірге көптеп тасымалданатын көкөніс, жеміс-жидектерге бақылау күшейтілді. Нәтиже бар, - дейді Айдар Әлменов.

Соңғы екі айда жеміс-жидек құрамындағы нитраттарды анықтау шарасы қолға алынған. Акция барысында 1500-ге жуық сынаманың 25-де нитраттардың шамадан тыс екені белгілі болды. Мамандардың айтуынша, нитратты өнімдер Ақсу қаласы, Шарбақты және Баянауыл ауданындағы базарларда табылған. Бұл деректер бойынша салалық мекемеге, яғни, ауыл шаруашылығы басқармасына ресми хаттар жолданды. 

Өзгелердің жаңалығы