Павлодарлық полицейлер заңсыз қару сақтаудың 35 дерегін анықтады

14 Қыркүйек 2023, 21:49
856
Бөлісу:
Павлодарлық полицейлер заңсыз қару сақтаудың 35 дерегін анықтады

Павлодар облысының полицейлері “Қару” ЖПІШ жүргізу кезінде 35 заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Павлодар өңірінде “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу нәтижесінде газ, травматикалық қару, мылтық, патрондар тәркіленді.

Тұрғындардан барлығы 17 бірлік заңсыз сақталған қару тәркіленді: 4 шолақ мылтық, 6 тегіс ұңғылы мылтық, бір травматикалық мылтық, 5 газ қаруы, электрошокер және мылтық қаруына оқ-дәрілер.

Тегіс ұңғылы атыс қаруын өз еркімен тапсыру фактісі де бар. ЖПШ қорытындысы бойынша полицейлер 27 әкімшілік құқық бұзушылық пен 8 қылмысты анықтады.

9 қыркүйек күні Екібастұз қаласы ПБ құқықтық тәртіп сақшылары Қонаев көшесінде, 31 жастағы азаматты ұстады. Одан нөмірлері жоқ қос ұңғылы мылтықтың кесіндісі тәркіленді.

Ал Ақсу ауданында 54 жастағы ауыл тұрғынынан шалғайдағы нүктелердің бірінде нөмірсіз Mossderg 500 A12ga тіркелмеген атыс мылтығы табылып, тәркіленді. Осы фактілер бойынша сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Өзгелердің жаңалығы