Баянтау спорт кешенінде Конституция күніне орай Павлодар облысы ПД қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы ІІМ Павлодар қаласының оқу орталығының тыңдаушылары арасында самбо күресінен жарыс өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
Павлодар облысы ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Ерік Төлегенов мұндай жарысты өткізу полицейлерге спорттық шеберліктерін, дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өтіп, барлық қатысушыларға сәттілік пен адал күрес тіледі.
Жарысқа барлығы 12 команда қатысты. Қазылар алқасының пікірінше, самбистердің дайындық деңгейі жоғары болды.
Табанды күрес нәтижесінде жүлделі орындар былайша бөлінді: 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Павлодар облысы ПД қызметкері Мұхтар Аңсар, 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды Ақсу қаласы ПБ Ерғабылов Алмаз, 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды Қазақстан Республикасы ІІМ Павлодар қаласының оқу орталығы- Ордағалиев Төрежан иеленді. 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Павлодар облысы ПД-Сейілов Таңат жеңімпаз болды, 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарыстың алтыны Павлодар облысы ПД- Жолдасов Әділхан, 98 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды Қазақстан Республикасы ІІМ Павлодар қаласының оқу орталығы Бәгошев Нұрдәулет, 98 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жеңімпаз Екібастұз қаласы ПБ Қанағат Кәкенов болды.
Арнайы бөлімшелердің қызметкерлері арасында 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды Бейсекин Қасиет, 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қанағат Ыдырышев, 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сұлтан Кәкеновке – алтын, 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Досмағамбет Болатбек, 98 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды Руслан Қаңтарбаев, 98 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Мейірбек Құдұрқұлов жеңіп алды.
Жарыс қорытындысы бойынша, бірінші орынды Павлодар облысы ПД командасы, екінші орынды Қазақстан Республикасы ІІМ Павлодар қаласының оқу орталығы, үшінші орынды Ақтоғай ауданы ПБ жеңіп алды.