Павлодарлық оқушылар қыш өнерін меңгереді

1 Наурыз 2022, 16:31
2321
Бөлісу:
Павлодарлық оқушылар қыш өнерін меңгереді
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар қаласының мектептері қыштан құмыра жасау үйімелерін ашуда. Оқушыларды шығармашылықпен айналысып, бос уақыттарын тиімді қамтуға жекеменшік шеберханалардың мамандары атсалысуда. 

Алғашқы үйірме облыс орталығындағы М.Әлімбаев атындағы мектеп жанынан ашылды. Мектеп директорының орынбасары Оразбек Бахатханның айтуынша, үйірмені ашудағы мақсат – балалардың бос уақытын тиімді қамту.

Павлодарлық оқушылар қыш өнерін меңгереді

Үйірме жұмысы аптасына екі рет жүргізіледі. Қазіргі уақытта оннан астам бала жазылып үлгерді. Бір бөлігі саз-балшықтан қарапайым ыдыс-аяқ пен құмыра түрлері жасай алады. Бұл шығармашылық жұмыс оқушылардың психологиясына да оң әсерін тигізеді. Қызығушылықтары бар. Үйірмеге арналған құрал-жабдықтарды сатып алдық. Ал шеберлік сабақтарын қыш шеберлері жүргізеді, - дейді Оразбек Бахатхан. 

Қыш шебері, үйірме жетекшісі Ақбаян Байтұбаева үшін сүйікті іс қана емес, нағыз терапияға айналған. Енді тәжірибесімен оқушылармен бөлісуде.

Павлодарлық оқушылар қыш өнерін меңгереді

Бес жыл бұрын балама «аутизм» диагнозы қойылды. Сол кезде саз-балшықпен жұмыс істеу идеясы келді. Саз - табиғи өнім. Қолмен ұстағанда жүйке жүйеміз демалып, бір сәтке сегіріп қалатынымыз бар. Күйзелісте арылуға да көмектеседі. Балалар үшін де пайдасы зор. Төзімділік сезімі мен қолдың ұсақ моторикасын дамытады, - дейді Ақбаян Байтұбаева. 

Павлодарлық оқушылар қыш өнерін меңгереді

Үйірма барысында балалар саздан құмыра жасау үрдісін толық меңгере алады. Яғни, саздан жасалған өнімді күйдіру, бояуды да үйреніп алу мүмкіндігіне ие. Алдағы уақытта мектеп ұжымы оқушылардың қолынан туған бұйымдардан көрме ұйымдастырмақ. Ал қыш шеберлері осы тектес үйрімелер өзге де білім беру ордаларында ашылады деген сенімде. 

 

Өзгелердің жаңалығы