Павлодарлық оқушылар мерекеге орай 40 метрлік панно жасады

1 Мамыр 2023, 19:41
987
Бөлісу:
Павлодарлық оқушылар мерекеге орай 40 метрлік панно жасады
Фото: автордан

Ертіс өңірінің оқушылары Қазақстан халқы бірлігі күніне орай «Бір шаңырақ астында» көрмесі шеңберінде 40 метрлік панно жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Өнер туындысын жасауға К. Катаев атындағы оқушылар сарайының педагогтері мен жеткіншектері мұрындық болған. Өнерпаз жастар 140-тан астам ұлт өкілінің бірлігі, ынтымақтастығы мен бай мәдениетін көрсетуге тырысты.

Сан ғасырлар бойы бір шаңырақ астында, бір-бірінің дәстүрлерін құрметтеп, ана тілін ардақтап, салт-дәстүрлерін сақтап келеді. Біз тоқыма коллажында осы құндылықтарды дәріптеуді тырыстық. Оқушылар панноны сәуір айында жасады. Балалардың қолынан туған бұйымда қазақ халқының қонақжайлығы, бай салтын көрсетуге де тырыстық. Оқушылар коллажды жасамас бұрын түрлі этностардың тарихы мен мәдениетін де зерттеді, - дейді оқушылар сарайының әдіскері Әсем Аипова.

Павлодарлық оқушылар мерекеге орай 40 метрлік панно жасады

«Бір шаңырақ астында» көрмесі аясында 150 оқушының қатысуымен дәстүрлі «Taqıa Fashion week» атты гранд-дефиле өтті.

Негізгі мерекелік шаралар Конституция алаңында өтетінін естіп, осында келдік. Ауа райының бұзылуына қарамастан, халық көп жиналғанын көрдік. Әр жерде ән мен биден шашу шашылып жатыр. Көрмелерді тамашалап, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетімен жақынырақ танысты. Әсіресе, мерекелік концерт ұнады, - дейді қала қонағы Айтбай Арысланұлы.

Айта кетейк, Павлодар облысында Қазақстан халқы бірлігі күніне орай 300-ге жуық шара ұйымдастырылды. Облыстың түкпір-түкпіріндегі мәдени ошақтарында тақырыптық көрмелер, спектакльдер, қайырымдық шаралар, шығармашылық концерттер, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері де ұйымдастырылды.

Өзгелердің жаңалығы