Павлодарлық оқушылар археологиялық қазба жұмыстарына аттанады

28 Наурыз 2022, 13:43
2395
Бөлісу:
Павлодарлық оқушылар археологиялық қазба жұмыстарына аттанады
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі оқушылар сарайының жанынан археологиялық мектеп ашылды. Оқу жылы аяқталған соң бір топ оқушы танымал ғалымдармен бірге экспедицияғ аттанады.

Археологиялық мектептің жұмыс барысында оқушылар теориялық білімдерімен қатар тәжірибелік дағдыларды да дамыту мүмкіндігіне ие болады. Сабақтар аптасына екі рет жүргізіледі, кейін зерттеу жұмыстары басталады. 

Бұл жоба облыстық оқушылар сарайы мен Торайғыров университетінің өкілдеріне тиесілі. Сабақтарды жоғары оқу орны жанындағы Ә. Марғұлан атындағы археология орталығының басшысы, археолог-ғалым Виктор Мерц жүргізеді. 

Балалар теориялық және тәжірибелік дайындықтар өтеді. Зертханада археологиялық заттарды тазалау, жуу, тіркеу, белгілеу, яғни, материалды тіркеудің әдістерімен айналысады. Нәтижесінде оқушылар археология білімдерінің негіздерімен танысады. Дайындықтан соң алғашқы экспедицияға барады. Бірінші сапарымыз Аққулы ауданының Бөрлі көлінде болмақ, Соңғы жылдары тұзды көлдің жағасындағы ежелгі тарих ескерткіштер шайылып жатыр. Біз балалармен бірге нысандарды құтқаруға атсалысамыз, - дейді Виктор Мерц. 

Айта кетейік, Бөрлі көліндегі көне тұрақтардың 6,5 мың жылдық тарихы бар. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жерде палеолит, неолит және қола ғасырларына тиесілі орындар шоғырланған. Қазіргі уақытта жануарлардың осы жерде қолға үйретілген деген гипотеза бар. Бүгінгі таңда бірқатар зертханалық зерттеулер жүргізіліп жатыр.

Бұл ескерткіштер отандық ғылым үшін ғана емес, ұлан-ғайыр Еуразия құрлығының тарихы үшін аса құнды. Кейін Май ауданына да барамыз. Өткен жылы Бөрлі көлінен көшпенді тайпасының өкіліне тиесілі қаңқа табылды. Оны зерттеуге үлгермедік. Оны бірінші кезекте зерттейміз. Әзірге жылқылардың сүйектері табылды, - дейді археолог.

Еске сала кетсек, өткен ғасырдың 90-шы жылдары Ертіс өңірінде археология мектептері жұмыс істеген. Мақсат - тарихшылар сабақтастығын үзбей, маман даярлауға атсалысу. Енді қайта жанданды. Алғашқы экспедиция үстіміздегі жылдың маусымында абсталады деп күтілуде. 

 

Өзгелердің жаңалығы