Павлодарлық іздеушілер жылдар бойы жатқан орденнің иесін тапты

2 Маусым 2022, 14:34
1383
Бөлісу:
Павлодарлық іздеушілер жылдар бойы жатқан орденнің иесін тапты
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі «Майдан жолы» жасағының мүшелері Екінші деңгейлі отденнің иесін тапты. Енді жауынгердің туған-туыстарын іздестірмек.

Екінші деңгейлі марапатты Павлодар қаласының тұрғыны Юрий Барановқа танысы тапсырып кеткен. Орден жылдар бойы жалдамалы пәтердері қораптың ішінде жатып қалған.

Орден сегіз бұрын маған берілді. Танысым марапаттың иесін анықтауды өтінді. Орденді қоқысқа тастауға дәтіміз бармады. Содан бері іздеп келемін. Әскери органдарға хабарласып едім, ешқандай ақпарат табылмады. Кейін іздестіру отрядына өтініш білдірдім де, көрсеттім. Аз уақыт ішінде ардагердің аты-жөнін тапты. Соғыс жауынгерінің алдындағы парызым орындалды деп ойлаймын, - дейді Юрий Баранов.

Павлодарлық іздеушілер жылдар бойы жатқан орденнің иесін тапты

«Майдан жолы» жасағының мүшелері іздестіру жұмыстарын жүргізді. Есеп карточкасының негізінде медальдің иесін, майдангердің аты-жөнін анықтады.

Орден иесі – Василий Кочетков. Жауынгер 1919 жылы Бакирияда туған. Соғысқа 1942 жылдың жазында Төменгі Авзян ауылынан шақырылған. КСРО Қорғаныс істері министрінің №84 жарлығымен 1985 жылы екінші деңгейлі орденімен марапатталды. Орденнің артында орден жасалған монеталық ауланың  4318173 номері бар. Мұрағаттық база арқылы соғыс жәдігері тиесілі ардагер де табылды, - дейді «Майдан жолы» жасаы командирінің орынбасары Асхат Мұқанов.

Айта кетейік, енді жасақ өкілдері Отан үшін отқа түскен жауынгердің туыстарын іздестіріп жатыр. Кейін марапат ұрпақтарына табысталады. Еске сала кетсек, алдағы күндері іздестірушілер Беларусь еліне кезекті экспедицияға аттанады. Басты мақсат – сол елді жаудан азат ету ұрыстарына қатысқан қазақ сарбаздарына ескерткіш орнатып, іздеу шараларын жүргізу.

Өзгелердің жаңалығы