Павлодарлық диқандар күзгі жиын-терімді аяқтады

16 Қараша 2023, 20:30
626
Бөлісу:
Павлодарлық диқандар күзгі жиын-терімді аяқтады
Фото: BAQ.KZ - архив

Мерекелік жиында әдеттегідей үздік сауыншы, малшы, механизатор, фермерлер марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Биыл ел аумағында 17 миллион гектарға жуық дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Үкімет қуаңшылықтан зардап шеккен фермерлерге көмек береді. Яғни бидайды нарықтық бағада сатып алу мен тұқым қорын қалыптастырады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі мәлімдеді. 

Мемлекет басшысының тапсырмасымен осы жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша ауыл халқының табысын арттыруға байланысты ауқымды жұмыс басталды. Павлодар облысына 1,5 миллиард теңге бағытталды. Бұдан басқа, агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға қосымша 155,5 миллиард теңге бөлу мәселесі шешілуде, оның ішінде Павлодар облысының қажеттілігі 9,8 млиард теңге, - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов.

Шаруа қожалығының жетекшісі мемлекет тарапынан ауылшаруашылығы мекемелеріне жақсы көңіл бөлініп жатқанын айтты.

Мемлекет тарапынан ауылшаруашылығы мекемелеріне жақсы көңіл бөлініп жатыр. Қаржылай болсын, техникамен болсын. Субсидия беріп жатыр. Соның арқасында біздің мекеме дамып жатыр. Біз картоп, сәбіз басқа да дақылдарды егеміз. Суармалы жер болғаннан кейін бізде өнім жақсы болды, - деді шаруа қожалығының жетекшісі Әлібек Несіпбеков. 

Өзгелердің жаңалығы