Алқаптар елік, бұлан және құстарға жасалуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews-ке сілтеме жасап.
"Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты баспасөз қызметінің мәліметінше, азық қорларын ұлғайту, сондай-ақ тұяқтылар мен басқа да жануарлар түрлерін сақтау және көбейту үшін жем алқаптарын құру басталды.
Жем-шөп алқаптары жазғы азық қорын кеңейтеді және тұяқтыларды шоғырлануы үшін қолайлы жерлерде ұстайды. Бұл алқаптар негізінен елік пен бұланға және құстарға қолайлы, – дейді резерватта.
Алқаптар әдетте ең үлкен тығыздықтағы аймақтарға таралады.
Азықтандыруға арналған алқаптар жануарларды ұзақ уақыт бойына тартуы керек, сондықтан мұндай танаптардың сұрыптамасы дәнді дақылдардың келесі түрлерін: сұлы, арпа, қарақұмық, күнбағысты қамтиды.