Павлодарлық зауыт қызметкерлері инновациялық экзоскелеттерді қолдануда

7 Маусым 2021, 14:13
1675
Бөлісу:
Павлодарлық зауыт қызметкерлері инновациялық экзоскелеттерді қолдануда

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысындағы Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлері инновациялық экзоскелеттерді сынақтан өткізуде.

Арнайы экзоскелет кәсіпорынның жөндеу бөлімшелерінде қолданыла бастады. Инновациялық құралдар зауыт жұмыскерлеріне ауыр жұмысты қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда орындауға мүмкіндік бермек. Басты мақсат - мамандардың қатты шаршауына жол бермей, денсаулықтарына зиян келтірмеу.

Мамандардың айтуынша, қаңқаның салмағы небары екі келі, қолдануда аса ыңғайлы. Инновациялық жеңіл материалдардан жасалған.

Экзоскелет тез иіліп, оңай шешіледі. Альпинистік құрал-жабдыққа ұқсас келеді. Оның көмегімен жүк көтеруге қатысты жұмыстарды орындау әлдеқайда оңай. Жүру, еңкею кезінде қиындық тудырмайды, - дейді зауыттың электр дәнекерлеушісі Александр Волков.

Заманауи құрал Ресейде жасалған. Техникалық сипаттамаларына байланысты жұмыскердің беліне түсетін жүктемені 35%-ға азайтады. Экзоскелет әзірге жөндеу цехында қолданылып жатыр. Алдағы уақытта тәжірибе өзге де жөндеу-механикалық учаскелерге тарамақ.

Мамандардың пайымдауынша, бұл жаңашылдық металлургтердің еңбек құқығын қорғау және қорғау бойынша озық тәжірибелердің қатарында. Мобильді, көшпелі зат жұмыс басындағы қызметкерлерге де, зауыттың өндірістік қуаттылығы үшін де пайдалы зат болмақ.

 


Өзгелердің жаңалығы