Павлодарлық студент Фридрих Липс кубогын жеңіп алды

7 Қараша 2020, 20:30
1750
Бөлісу:
Павлодарлық студент Фридрих Липс кубогын жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Павлодар облыстық білім басқармасы мәлім етті.

Фридрих Липс Кубогы – баяншылар мен аккордеоншылардың халықаралық байқауы. Жас музыканттардың кәсіби шеберлігін жетілдіруге, неғұрлым дарынды және перспективалы орындаушыларды анықтауға, музыкалық мәдениетті насихаттау мен дамытуға ықпал етуге бағытталған, - делінген білім басқармасының хабарламасында.
Биылғы жылы Павлодар музыкалық колледжінен байқауға «Орыс халық аспаптары» бөлімінің 3-курс студенті Руслан Галькеев бақ сынап, 2-орын еншіледі.

Байқау 3 қарашада Ресей Федерациясының Еманжелинск, Челябинск қаласында ұйымдастырылып, бейнежазбалар бойынша өткізілді.

Байқаудың көркемдік директоры – Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі, профессор Николай Ищенко, қазылар алқасының төрағасы – Ресей Федерациясының халық әртісі, профессор Фридрих Липс.

Өзгелердің жаңалығы