Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарлық полицейлер теміржол өткелдерін тексерді, деп хабарлады Polisia.kz.
Есеп беру кезеңінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері 49 теміржол өткелін тексерді.
Теміржол өткелдерін күтіп-ұстаудағы негізгі ақаулар – қажетті жол белгілерінің болмауы, жарықтандырудың дұрыс болмауы, төсемнің қанағаттанарлықсыз жай-күйі. Анықталған кемшіліктерді жоюға 49 ұйғарым берілді. Тексеру қорытындысы бойынша теміржол өткелдерін қанағаттанарлықсыз ұстағаны үшін 15 лауазымды тұлғаға 440 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, – деді Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Арыстан Дүйсембаев.
Мысалы, 2021 жылғы 26 сәуірде Жібек жолы көшесіндегі теміржол өтпелерін тексеру барысында полиция қызметкерлері жол белгілерінің, төсемнің және сигнал бағандарының сәйкессіздігін анықтады, бұл апаттық жағдайдың туындауына әкеп соғуы мүмкін.
Аталған бұзушылықтар үшін екі Павлодарлық ЖШС ҚР ӘҚБК 631-бабы (Жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдарды, темiржол өтпелерін және басқа да жол құрылысжайларын күтiп-ұстау жөніндегі талаптарды орындамау) бойынша жауапқа тартылды. 10 және 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.