Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. VI Халықаралық конкурс-фестивалін «Dionis» эстрадалық-вокалдық студиясы ұйымдастырған,деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметі бойынша, шығармашылық байқауға әртүрлі жастағы 350-ден астам ұжым мен солистер қатысқан. Оның ішінде «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының бөлімшесі «Айналайын» клубының тәрбиеленушісі, № 37 ЖОМ 3-сынып оқушысы Бекзат Сейфулла да өнер көрсетті.
Сайыс бірнеше номинация бойынша өтті: вокал, хореография, сән театры, көркем сөз және театр қойылымдары, аспаптық жанр, бейнелеу өнері, қолданбалы өнер.
Бекзат байқауда Қазанғап Тілепбергенұлының «Шынаяқ тастар» күйін орындады. Бұл - Бекзаттың халықаралық байқауға екінші рет қатысуы. Бірінші рет «Star Way» халықаралық байқау-фестиваліне Жасарал Енсеповтің «Балбұлақ» күйін орындап, І орынға ие болды. Ол «Айналайын» клубындағы үйірмелерге 2018 жылдан бастап қатысып келеді. Домбыра үйірмесіне үлкен ынтасымен қатысады және менің ойымша, оның қабілеті зор және әлі талай жеңістер алдымызда, - дейді үйірме жетекшісі, қосымша білім беру педагогы Бауыржан Қайырбеков.
«Аспаптық жанр» номинациясында І орынға ие болған оқушы дипломмен, медальмен және тәтті сыйлықпен марапатталды