Павлодарлық жедел жәрдем станциясында 25 жас маман жұмысқа кірісті

28 Тамыз 2019, 06:06
1495
Бөлісу:
Павлодарлық жедел жәрдем станциясында 25 жас маман жұмысқа кірісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  11 дәрігер мен 14 фельдшердің келуінің арқасында жедел медициналық жәрдем станциясы 100 пайыз қызметкермен қамтылды, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Павлодарлық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 103 қызметіне келген 11 дәрігер Семей медициналық университетін бітірген. Бес фельдшер Павлодар медициналық колледжінде, бесеуі Екібастұз медициналық колледжінде, тағы төртеуі Семей медициналық колледжінде оқыған.

«Жас мамандар тәжірибеден өтті. Олар алғашқы медициналық көмек туралы дәрістер топтамасын тыңдады», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Жаңадан келгендерге жаңа жағдайға бейімделуі үшін көмектесетін тәжірибелі жедел жәрдем қызметкерлерінен тәлімгерлер тағайындалды

Өзгелердің жаңалығы