Павлодар-Южный станциясынан Қытайдың Ланьчжоу қаласына 40 футтық 54 контейнер тиелген пойыз жол тартты. Ол Алашанькоу-Достық шекарасы арқылы өтеді.
Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіхабарлады.
Пойыз толығымен «Кедентранссервис» АҚ вагондарынан жасақталған. Жүктің салмағы 1400 тоннадан асады. Бір бағыт бойынша жүру уақыты 7 тәулік.
Жүк иелері үшін өнімдерін контейнерлік пойызбен тасымалдау өте ыңғайлы. Өйткені бұл логистикалық шығындарды барынша азайтып, жол жүру уақытын едәуір қысқартады. Келешекте осы бағыт бойынша пойыздар ай сайын жөнелтіліп тұрады, - дейді «Кедентранссервис» АҚ-ның Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Дәурен Асанов.
Контейнерлерлік тасымал – мемлекетаралық тауар алмасуда өте қолайлы тәсіл болып отыр. Ең бастысы жүктің барар жеріне дінаман жетуіне кепілдік бар. Оның сыртында, темір жолдан түсірілген жүкті автомобиль немесе теңіз көлігі арқылы әуре-сарсаңсыз одан әрі тасымалдауға болады.