Павлодардағы үшінші ЖЭО-да жаңа құбырдың құрылысы биыл аяқталады

9 Қыркүйек 2022, 01:24
1371
Бөлісу:
Павлодардағы үшінші ЖЭО-да жаңа құбырдың құрылысы биыл аяқталады

Жобаны осы жылдың қазан айында тапсыру жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

Жаңғырту және құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Евгений Царенконың айтуынша, 2022 жылы «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ жылу энергиясы бойынша инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға жоспарланған сома 1 млрд 234 мың 814 теңгені құрады. 

Үшінші жылу электр орталығында екінші түтін құбырын салу бойынша ауқымды жобаны іске асыру жалғасуда. Қазір станция 1972 жылы іске қосылған бір ғана құбырмен жұмыс істейді, - деді Евгений Царенко. - Газ құбырлары бар жаңа темірбетон құбырына №5 және 6 қазандық агрегаттарын қосамыз. Сол арқылы бірінші құбырға келіп тұрған жүктемені жеңілдетуге мүмкіндік аламыз.

Оның айтуынша, екінші түтін құбырын пайдалану басталғаннан кейін біріншісінде күрделі жөндеулер басталады. Станцияда екі түтін құбырының болуы электр станциясын толық тоқтатпай қажетті жөндеу жұмыстарын және тексеру жүргізуге мүмкіндік береді.

Құрылысқа екі қосалқы мердігер «КазтеплоСПЕЦСТРОЙ» ЖШС және «ТеплоХимМонтаж» АҚ ұйымдары тартылды.  

Құбыр тәулігіне 2-3 метр өсіммен үздіксіз бетондалады, - дейді спикер. - Қазір бетонның 76% құйылған. Құбырдың биіктігі тұрғын үйдің 39 қабатымен бірдей. 

Құрылысты осы жылдың қазан айының соңында аяқтау жоспарланып отыр, толық аяқталғаннан кейін құбырдың биіктігі 180 метрді құрайтын болады. Павлодар қалалық электр желісінің директоры Игорь Гренев түтін құбыры қазандық агрегаттарының жұмысы кезінде газдар сыртқа еркін шыға алатындай етіп жасалғанын түсіндірді. 

Павлодарлық үшінші жылу электр орталығында 6 қазандық пен 6 турбина орналасқан. Кеңес заманында екі құбыр салынды. Бірінші құбырда алты қазандық жұмыс істейді, бірақ стандарт бойынша төрт болуы керек. Біз бірінші құбырға келіп жатқан жүктемені жеңілдетуіміз керек, - деді Игорь Гренев.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-да 2022 жылғы жөндеу компаниясы мен инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүргізілетін барлық жұмыстар алдағы күзгі-қысқы кезеңде станция жұмысының сенімділігін арттыруға бағытталғанын сендірді.

Өзгелердің жаңалығы