Павлодарда жыл басынан бері 1500-ден астам отбасыға АӘК төленген

22 Тамыз 2020, 03:35
1102
Бөлісу:
Павлодарда жыл басынан бері 1500-ден астам отбасыға АӘК төленген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалада 1553 балаға азық-түлік жиынтығы берілді деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы тікелей эфирде Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева мәлім етті.

Халықты әлеуметтік қолдау шараларына тоқталатын болсақ, қаламызда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін 2020 жылға 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның ішінде жергілікті бюджеттен 42,6 миллион теңге, республикалық бюджеттен 1,36 миллиард теңге бөлінді. Жыл басынан бері 6400-ден астам адамды қамтитын 1564 отбасыға 397,1 миллион теңге төленді. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет – азық-түлік жиынтығы 1-6 жас аралығындағы 1553 балаға үлестірілді, - деді Светлана Гладышева.
                                            
Қала әкімі орынбасарының айтуынша, АӘК алушылар қатарында еңбекке жарамды жастағы 1352 адам бар. 1095 адам еңбек етсе, 257 адам жұмыссыздар қатарында. Оның ішінде 55 адам еңбекпен қамтуға жатады. Бүгінде 53 адам жұмыспен қамтылды. Қалған 2 адамға алдағы уақытта көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар, көктемде болған төтенше жағдай кезінде қалада 42500 теңгелік көмекті алуға 82 690 өтініш түскен. Алғашқы айында табысынан айырылған 79571 адамға, екінші айында 52225 адамға жалпы сомасы 56 млн теңгеден астам көмек төленді.

Сондай-ақ, 5 шілде мен 5 тамыз аралығында енгізілген карантинге байланысты табысынан айырылғандарға да 42500 теңгелік көмек тағайындалды. Қалалық штабқа 10 мыңнан астам өтініш түсті. 10018 өтініш қаралды. 3 өтініш қаралуда. 9633 өтініш қабылданды. 444 өтініш кері қайтарылды. Бүгінде мұндай көмекті 39 мыңнан астам адам алды, - деді Светлана Гладышева.

 



Өзгелердің жаңалығы