Павлодарда жолда қалған Өзбекстанның 37 азаматы құтқарылды

3 Ақпан 2020, 20:34
1399
Бөлісу:
Павлодарда жолда қалған Өзбекстанның 37 азаматы құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Федерациясынан шыққан автобус "Қызылорда - Павлодар" тас жолының 203-ші шақырымында сынып қалған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 3 ақпанда сағат 11.30 шамасында өңірлік ПД патрульдік полиция ротасының полицейлері, капитан Аманжол Бейсембаев және аға лейтенант Қанат Нұриманов патрульдеу кезінде жолдың бойында тұрған автобусты байқап қалған. Жүргізуші тәртіп сақшыларына жолдағы шұғыл тоқтауға көліктің сынуы себеп болғанын айтқан.

"Новосібір - Шымкент" бағыты бойынша жүріп келе жатқан көлік істен шыққан соң тоқтап, көмек күтуге мәжбүр болған. Автобустың 37 жолаушысы Өзбекстан елінің азаматтары. Түнде ауа температурасы -2 ,0 градусқа дейін төмендеді. Полиция барлық жолаушыларды Шідертідегі жылу станциясына жеткізді. Ол жерде дәмханада жылынып, ыстық шай ұсынылды, - дейді департаментте.

Бұдан кейін олар өткен көліктермен Қарағанды қаласына жөнелтілді. Полиция жолаушыларды қабылдаудан бас тартпаған және үйге аман-есен жетуге көмектескен көліктердің жүргізушілеріне алғысын білдіреді.

Кейін автобусқа жедел жәрдем қызметкерлері мен "ҚазАвтожол" қызметкерлері келді. Қазір полиция бұзылған автокөлікті түзетуге көмектесуде. Тәртіп сақшылары жүргізушілерге алыс сапар алдында, әсіресе жолаушыларды тасымалдау кезінде мұқият дайындықтың қажеттілігі туралы еске салады.

Қозғалтқыштардың, батареялардың және жарықтандыру құрылғыларының жұмысын тексерген дұрыс.

Өзгелердің жаңалығы