Павлодарда жоғалып кеткен оқушы қыз екі күннен кейін табылды

10 Желтоқсан 2023, 10:32
663
Бөлісу:
Павлодарда жоғалып кеткен оқушы қыз екі күннен кейін табылды

2010 жылы туған жеткіншек аман-есен табылған, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеше басталған іздеу іс-шаралары таңғы төртке дейін жалғасты. Даша соңғы рет құрбысына қоңырау шалған барлық аумақ тексерілді. Қыз табылды, – деп жазды «VITA» еріктілері.

Еске сала кетейік, облыс полициясының нарядтары, еріктілер № 5 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Дарья Шандрукты іздестірген болатын.

8 желтоқсанда полиция басқармасының кезекші бөліміне анасымен болған жанжалдан кейін сағат 23:00 шамасында жасөспірімнің үйден кетіп қалғандығы туралы хабарлама түскені анықталды.

Анасының айтуынша, ол бұрын да үйден кетіп қалып жүрген.

Өзгелердің жаңалығы