Павлодарда ЖЭО-3 аумағындағы өрт сөндірілді

22 Шілде 2022, 04:19
1317
Бөлісу:
Павлодарда ЖЭО-3 аумағындағы өрт сөндірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 шілдеде сағат 18:25-те ЖЭО-3 территориясында 22 Т - жеке қажеттіліктегі трансформатор өртенді.

ЖЭО-3 қызметкерлері мен өрт сөндіру қызметтерінің бірлескен іс-қимылының арқасында сағат 20:00-де өрт сөндірілді.

Оқыс жайт салдарынан № 5 қазандық агрегаты мен № 5 турбогенератор жұмысын тоқтатты. Қазіргі уақытта екі қазандық агрегат пен екі турбогенератор жұмыс істеп тұр, – делінген "Павлодарэнерго" АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ ведомства хабарламасында стансаның жұмыс режимі технологиялық нұсқаулықтарға және апаттарды жою жоспарына сәйкес қалпына келтірілетіні айтылған. Тұтынушылар үшін жылу және электр энергиясын босату ісінде шектеулер орын алған жоқ.

Қаза тапқандар жоқ, зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылану үстінде. Жақын аумақтағы өрт салдарынан құрал-жабдықтар зардап шеккен жоқ. Стансаның жұмыс режимі қысқа мерзімде қалпына келтіріледі, – делінген Павлодарэнерго" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы