Павлодарда жеңіл көлік мұз астына түсіп кеткен

27 Ақпан 2022, 16:09
1208
Бөлісу:
Павлодарда жеңіл көлік мұз астына түсіп кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиғада зардап шеккендер жоқ.

Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.

Оқиға орнына ТЖД жеке құрамының 10 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, оқиға туралы хабар 26 ақпан күні сағат 18:25-те келіп түскен.

Оқиға Павлодар қаласының Усолка шағын ауданындағы «Ertis Olympic» бассейні маңында болған.  Хабарлама бойынша, 14 аймақтың нөмірі бар «Нива» автокөлігі мұз астына түсіп бара жатқан. Құтқарушылар келген бойда жүкшығыр мен арқандардың көмегімен көлікті жағаға шығарды, - деді департаментте.

Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД жеке құрамының 10 адамы мен 2 техникасы, «102» қызметі жұмылдырылды

Өзгелердің жаңалығы