Құрбан болғандардың екеуі – бала. Мамандар Ертіс өзені суының деңгейі жылдағыдан жоғары, соған орай жағажайлардың түбін толықтай сүзіп шығу мүмкін емес екенін айтып отыр.
Облыстың су айдындарында шомылу маусымы басталғалы 5 адам суға батып, көз жұмған. Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденов хабарлады.
Азаматтардың су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша 5 мыңнан астам рейд жүргіздік. Байқайтынымыз, көп адамдар қоғамдық жағажайларда алкогольді ішімдік ішіп, мас күйінде суға түседі. Соңғы қайтыс болған адамның ішімдік тұтынып, суға шомылғаны анықталды. Тағы бір жағымсыз фактор - салқын су аяқ сіңірлерінің тартылып қалуына себепші болады, - дейді департамент өкілі.