Павлодарда жануарларға арналған әлеуметтік орталық ашылады

10 Қараша 2022, 19:27
1074
Бөлісу:
Павлодарда жануарларға арналған әлеуметтік орталық ашылады
Фото: автордан

Павлодарда елімізде алғаш болып жануарларды стерильдеуден өткізуге арналған әлеуметтік орталық ашылады, деп хабарлайды Павлодардағы BAQ.KZ тілшісі.

Енді облыс тұрғындары үй жануарларын нарықтағы бағадан арзан бағаға стерильдей алады. Еріктілердің айтуынша, қаңғыбас ит-мысықтар үшін бұл қызмет тегін көрсетіледі.

Мал дәрігерлік клиниканы ашуға «Сердца Павлодара» қорының белсенділері мұрындық болған. Орталықта күніне 30-ға жуық жануар зарарсыздандырылады деп күтілуде. Қазіргі уақытта шағын ғимарат жылу және сумен қамтылған. Төрт аяқтыларға ота жасау үшін қажетті құрал-жабдықтар әкелінді. 

Қоғамдық қордың басшысы Мария Гребенканың айтуынша, орталықта бірнеше ота жасау кабинеті, мамандардың орны және жануарларды операциядан соң уақытша ұстауға арналған бөлме бар. Операция әлемге танымал жануарлар жанашыры Бриджит Бордо қорының инновациялық әдісі бойынша жүргізіледі. Зооқорғаушылардың айтуынша, орталықты ашу үшін қала тұрғындары да қайырымдылық көмектерін аямады. 

«Клиникадағы бір операциялық үрдіске стерильдеуден бөлек қаңғыбас жануарларға чиптеу, ен салу қызметтері беріледі. Күніне 20-30 ит пен мысықты стерильдейміз деп ойлаймыз. Бұл көше кезіп жүрген жануарлардың санын бақылауға көмектеседі. Қаңғыбас жануарлар тұрғындарға зиян келтірмейді», - дейді Мария Гребенкина.

Операция әлемге танымал жануарлар жанашыры Бриджит Бордо қорының инновациялық әдісі бойынша жүргізіледі. Нәтижесінде төрт аяқты науқастар тез оңалады. Зооқорғаушылардың айтуынша, орталықты ашу үшін қала тұрғындары да қайырымдылық көмектерін аямады.

Өзгелердің жаңалығы