Павлодарда жаңа автобустар қолданысқа берілді

2 Мамыр 2024, 07:49
222
Бөлісу:
Павлодарда жаңа автобустар қолданысқа берілді
Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі/Валерий Бугаев

Өңір басшысы Асайын Байханов пен қала жұртшылығына жаңа автобустар таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолаушыларды тасымалдаушы ірі павлодарлық - «№ 1 автобус паркі» ЖШС сыйымдылығы 25 орындық, жалпы сыйымдылығы 56 адамға арналған 1 санаттағы Isuzu 30 жаңа автобусын сатып алды. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін автобустар мүмкіндігі шек­теу­лі азаматтардың мініп-түсу­іне арналған аппарельмен, кондиционерлермен және т. б. жабдықталған.

Жаңа автобустар № 115 және 126 бағыттар бойынша желіге шықты, өйткені, олардың жұмысына қала тұрғындарынан көп шағымдар түскен болатын. № 115 бағытта - 10 автобус және № 126 бағытта - 16 автобус жүретін болады, ал, 4 автобус резервте болады. Қозғалыс аралығы 2 есе қысқарып, 10 минутты құрайды.

Жылжымалы құрам санатының өзгеруіне байланысты тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қозғалыс бағыттарына аздап өзгеріс енгізілді:

- №115 бағыт Лермонтов көшесінен Торайғыров көшесіне дейінгі учаскеде М. Жүсіп көшесінен Ак. Бектұров көшесіне ауысады;
- №126 бағыт Бұқар жырау көшесінен Ак. Бектұров көшесіне көшіріледі.

Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін қоғамдық көлікті жаңарту тәжірибесі басқа да автопарктерде, сондай-ақ, трамвай депосында жүзеге асырылуы тиіс. Бұл жұмысты жалғастыру қажет, - деді облыс әкімі.

Өзгелердің жаңалығы