Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 13 жастағы қыз бала тіркелді, деп хабарлайды Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Кәмілет жасқа толмаған, 2006 жылы туған қыз бала ЖРВИ диагнозымен зерттелді, короновирус инфекциясы 25.04.2020 жылы анықталды.Қазіргі уақытта байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып жатыр, оларды оқшаулау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр.
Бүгінгі күні, сағат 18.00-дегі жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясымен ауырған 89 факті тіркелген.