Павлодарда вирус жұқтырғандар науқас кісімен байланыста болған

22 Сәуір 2020, 10:18
1255
Бөлісу:
Павлодарда вирус жұқтырғандар науқас кісімен байланыста болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Павлодар облысында коронавирусты жұқтырған адамдар туралы хабарлады.

Павлодар облысында коронавирусты жұқтырған 3 адам анықталды. COVID-19 Екібастұздың 3 тұрғынынан табылды, олар: 1989 жылғы ер адам, сонымен қатар 2006 жылғы қыз бала мен 2008 жылғы ұл бала. Барлығы өздеріне дейін коронавирусты жұқтырған адамдармен байланыста болған, – делінген хабарламада. 
Бәрінің араласқан адамдар ортасы анықталып, оларды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы қаралар қолға алынған. 

22.04.2020 ж. жағдай бойынша облыста жалпы 37 адам коронавирусты жұқтырған.  

Өзгелердің жаңалығы