Павлодарда үш күн іздеген жігіттің мәйіті табылды

1 Шілде 2024, 08:45
565
Бөлісу:
Павлодарда үш күн іздеген жігіттің мәйіті табылды
Фото: BAQ.KZ.

Павлодарда 19 жастағы жігіт суға батып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 28 маусым күні сағат 16:00-де болған. Сол күні 19 жастағы павлодарлық жігіт орталық жағажайда демалған екен.

Досының сөзінше, жігіт суға сүңгіп жүрген. Алайда сол күйі су бетіне шықпай қалған.

Іздеу жұмыстары бірден басталып, үш күнге созылған. Алайда бозбала табылмады. Артынан жағалауда куәгердің бірі 19 жастағы жігіттің денесін байқап қалған. Сөйтіп, мәйітті судан жедел-құтқару жасағының қызметкерлері алып шығарған.

Өзгелердің жаңалығы