Павлодарда тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге тарифтер 7,1% төмендеді

9 Қыркүйек 2019, 12:25
1830
Бөлісу:
Павлодарда тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге тарифтер 7,1% төмендеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыста жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлар мен қызметтерге баға құны өзгерді. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.

Бұл туралы өңірлік статистика департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. «Аймақ бойынша 2019 жылғы қаңтар-тамыздағы тұтыну бағаларының индексі 102,8%-ды, азық-түлік тауарлары 105,9%, азық-түлік емес тауарлары 102,7%, ақылы қызметтер 99,2% құрады», - дейді департаментте.

2019 жылғы қаңтар-тамызда азық-түлік тауарлары бойынша етке – 9,8%, нан өнімдері мен жармаға – 8,8%, шұжықтар, ет өнімдерге – 7,1%, алкогольсіз сусындарға және алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдеріне – 6,7%, кондитер өнімдеріне – 2,9%, сүт өнімдеріне және көкөніске 2,3% баға өсуі байқалды.

Сонымен қатар, жұмыртқаға 5,6%, қантқа – 6,5% баға төмендеді. Азық-түлік емес тауарлар нарығында қеңсе тауарлары – 7,3%, фармацевтикалық өнімдерге – 4,8%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 4%, киім мен аяқ киімге – 3,9%, жуғыш және тазалағыш заттарға – 3,1%, тұрмыстық құралдарға – 0,9% баға өскен. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге тарифтер 7,1% жанар-жағармай материалдарына 0,9% баға төмендеді. Ақылы қызметтер бойынша амбулаториялық қызметтерге – 4,9%, қоғамдық тамақтандыру – 3,7%, білімберу қызметтеріне – 3,5% баға қымбаттаған.

Өзгелердің жаңалығы