Павлодар облысында кеме капитаны Ертіс өзеніне батып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 мамырда 23:25-те Павлодар облысы ТЖД ДЖБ-да 102-ден Аққулы ауданының Шабар ауылы маңындағы Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті деген хабар келіп түскен.
9 мамырда оқиға орнына 4 сүңгуірші жіберілген. Бір тәулікте жұмыс нәтиже бермеді. Іздестіру жұмыстарын су деңгейінің көтерілуі, қатты жел мен өзен ағыны қиындатып отыр.
Таң атқанда сүңгуірлер іздеу-құтқару жұмыстарын қайта жалғастырып жатыр.