Павлодарда сумен жабдықтайтын ұйым тарифті төмендетті

26 Шілде 2022, 06:20
1043
Бөлісу:
Павлодарда сумен жабдықтайтын ұйым тарифті төмендетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзгерістер келесі жылдың жазына дейін күшінде болады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, «Павлодар-Солтүстік Су Арнасы» ЖШС тарифтерін төмендетті.

Мамандар ұйымның тарату желілері арқылы су беру бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаны орындамағанын анықтап, негізсіз кірістер белгілі болды. 

ЖШС бекіткен тарифтік сметаның бес пайыздан жоғары, 58 млн теңгеден астам шығын баптарын орындаған жоқ, - деп нақтылады департаментте. - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескергенде негізсіз табыс сомасы 66,2 миллион теңгені құрады.

Қаражатты тұтынушыларға қайтару үшін «Павлодар-Солтүстік Су Арнасы» қызметіне өтемдік тарифтер бекітілді. Өзгерістер уақытша болады.

1 тамыздан 31 желтоқсанға дейін бір текше метр судың құны 14,50 теңгені құрайды. Сома 7,4%-ға төмендеді. Ал 2023 жылдың 31 қаңтарынан 1 шілдесіне дейін бір текше метр 16,38 теңгені құрайтын болады. Тариф 8,9%-ға арзандады.

Өзгелердің жаңалығы