Павлодарда суға батып бара жатқан адам құтқарылды

Бүгін Павлодар облысы ТЖД құтқару бөлімшесінің қызметкерлері Усолка өзенінің арнасын тексеру кезінде 1987 жылы туған суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі 19 Тамыз 2024 2024, 22:52
19 Тамыз 2024 2024, 22:52
951
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін Павлодар облысы ТЖД құтқару бөлімшесінің қызметкерлері Усолка өзенінің арнасын тексеру кезінде 1987 жылы туған суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқарушылардың хабарлауынша, ол абайсызда қайықтан құлап кеткен.

Құтқарушылар тез арада қайықпен жетіп, ер адамды құтқарып, жағаға жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады. Белгілі болғандай, ер адам мас күйде болған.

Үстінде құтқару жилеті болғанымен, белдіктері бекітілмегені анықталды.

ТЖМ барлық азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Наверх