Павлодарда шетелдіктердің келгенін хабарламаған 70 шақты тұрғын жазаланды

16 Қазан 2022, 08:55
1604
Бөлісу:
Павлодарда шетелдіктердің келгенін хабарламаған 70 шақты тұрғын жазаланды

Ішкі істер органдарына шетелдік азаматтардың келуі туралы уақтылы хабарламағаны үшін 68 қабылдаушы тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы шаралар қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Нелегал-2022» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Шанин көшесіндегі көші-қон қызметінің қызметкерлері салынып жатқан сауда үйінде құрылысшы ретінде тиісті рұқсатсыз еңбек еткен Өзбекстанның 5 азаматын ұстады.

Олардың барлығы ҚР ӘҚБтК 517-бабы 5-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Сондай-ақ, жұмыс берушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 519-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылды. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке 12 азамат тартылды, - деді полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Дәулет Ысқақов.

Полиция қызметкерлері елде болу ережелерін бұзған 165 шетелдікті анықтады, оның 58-і еңбек қатынастарын сақтамағаны үшін жазаланды, 12 жұмыс берушіге айыппұл салынды.

Жеке басын анықтау үшін Павлодар қаласы полиция басқармасы қабылдағыш-таратқышына жеке басын куәландыратын құжаттарсыз ұсталған 8 шетелдік орналастырылды, 102 шетелдікке қатысты елде болу мерзімі қысқартылды.

Соттар 18 шетелдік азаматқа қатысты елден шығару туралы шаралар қабылдады, оның ішінде біреуі  азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, облыс аумағында ағымдағы жылдың 10 қазанында басталған «Нелегал»  жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда. Өңірдегі заңсыз көші-қонның алдын алуға бағытталған іс-шара ағымдағы жылдың 17 қазанына дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы