Павлодарда шаһар басшысы шағым көп түсетін аулаларды аралады

6 Шілде 2022, 11:36
1487
Бөлісу:
Павлодарда шаһар басшысы шағым көп түсетін аулаларды аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Асайын Байханов кезекті жұмыс сапарымен қала ішін аралады.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 
 

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, шаһар басшысы жұмыс сапарын «Aula Fit» спорттық-сауықтыру жаттығулары өтетін №39 мектептің стадионына барудан басталды. Аталмыш жоба осындай атаумен Павлодарда бірер күн бұрын бастау алған болатын. Бұл жоба аясында қала тұрғындарының алысқа бармай-ақ, өз аулаларында кәсіби жаттықтырушылармен тегін жаттығу өткізуге мүмкіндіктері бар.

Содан кейін облыс орталығының басшысы Ак. Шөкин, 38 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйдің ауласындағы шағын футбол алаңын қалпына келтіру және жаңа тренажерлар мен стрит-воркауттарды орнату жұмыстарын тексерді.

Әлеуметтік желілер арқылы қала тұрғындарынан жиі шағымдар келіп түсетін мекенжайларға ерекше назар аударылды.
 

Қала басшысы Назарбаев даңғылы, 46/1 үйінің ауласына барды. Оның тұрғындары аулаға жаяу жүргіншілер жолын жасап беруді сұрады. Қарау барысында оларды орнату мүмкіндігінің жоқтығы анықталды, өйткені ауланың ішінде орын аз. Осыған байланысты әкім жаяу жүргіншілер үшін арнайы белгі қою мүмкіндігін қарастыруды тапсырды, - деді баспасөз қызметінде.

Жұмыс тобының келесі нүктесі Назарбаев даңғылы, 204 тұрғын үйі болды. Аталмыш үйдің тұрғындары автокөліктердің арнайы белгіленбеген жерлерде, тұрғын үйге іргелес орналасқан жасыл көгалдарда жиі тұратынына шағымданды. Әкім жол жұмыстары маусымы аяқталғанға дейін көлік тұрағын жасауға, сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолдарын жаңартуға нұсқау берді.

Жұмыс сапарының соңында Асайын Байханов Назарбаев даңғылы, 11 үйдің тұрғындарымен кездесті. Қазіргі уақытта бұл үйдің ауласында тұрақ жасалуда, ал, тұрғындар екі жақты қарама-қарсы пікірде. Бірі тұрақтың қажет екенін, ал, басқалары оның орнына ойын алаңын орнатуды сұрады, бірақ та, жақын орналасқан үйлерде екі бірдей жаңа ойын алаңдары орналасқан. Балама шешім ретінде қала басшысы спорттық тренажерларды орнату мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы