Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Павлодарда сауда үйінің шатыры қирады

7 Шілде 2023, 17:26
1063
Бөлісу:
 ТЖМ
Фото: ТЖМ

Павлодар қаласындағы сауда үйдің шатырының құлауы туралы ақпаратты ТЖМ баспасөз қызметі таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Павлодар қаласы «Артур» сауда үйінің бүйірлік қаптамасы жазғы кафеге құлап түсті. Куәгерлердің айтуынша, үйінділердің астында адамдар болған. 

ЖАО ақпараты бойынша құлаған үйіндінің жалпы ауданы 300 ш.м. құрайды. Оқиға орнында 8 құтқарушы мен 2 ТЖД техникасы және Апаттар медицинасы орталығының 3 медицина қызметкері жұмыс істеуде. 1975 ж.т. екі аяғы сынған ер адам үйінді астынан шығарылып, ауруханаға жатқызылды. Жұмыс жалғасуда, - делінген ақпаратта.

Павлодарда сауда үйінің шатыры қирады
Өзгелердің жаңалығы